![]() | ||||||||||||||||||
|
Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы 1964 жылы 12 маусымда Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1971 жылы Қарабұлақ орта мектебіне 1 сыныпқа барды, 1981 жылы осы мектепті бітірді. 1981 жылдың тамыз айынан 1982 жылдың қараша айына дейін « Левобережный» совхозында жұмысшы ретінде еңбек еткен. 1982 жылдың желтоқсан айынан 1983 жылдың шілде айына дейін Алматы қаласындағы қазақ ауыл шаруашылығы институтының тыңдаушысы болды. 1983-1988 жылдары Алматы қаласындағы қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқып, орман шаруашылығының инженері мамандығына ие болған. Аталған институттың әскери кафедрасын аяқтап, аға лейтенант әскери атағын алған. 1988 жылғы маусым-шілде айларының аралығында Семей қаласындағы «Зеленстрой» шаруашылық құқықтағы учаскесінің көгалдандыру бөлімінде агроном болып жұмыс істеді. 1988 жылғы шілде-қазан айлардың аралығында жұмысшы ретінде Алакөл орман шаруашылығында еңбек етті. 1988 жылғы қазан айында аталған кәсіпорынның тұтылатын цехына шебер болып ауысты. 1991 жылғы ақпан айында орман шаруашылығының инженері қызметіне ауысты. 1993 жылғы мамыр айында орманшы болып ауысты. 1995-2000 жылдардың аралығында бас орманшының қызметін атқарған. 2000 жылдың ақпан айында Алакөл орман шаруашылығы таратылып, «Қаратал орманы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылып, осы кәсіпорынның Алакөл аудандық филиалының бастығы ретінде 2000 жылғы наурыз айында тағайындалып, 2003 жылғы қазан айында өз тілегі бойынша жұмыстан босатылды. 2003 жылғы қазан айында Үшарал қаласындағы «Талдықорған ағаштары» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның Алакөл аудандық филиалының бастығы ретінде жұмысқа кіріп, 2005 жылғы наурыз айында кәсіпорынның жоюлуына байланысты жұмыстан босатылды. 2005 жылғы сәуір айында Үшарал қаласындағы «Алакөл орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі директордың орынбасары қызметіне қабылданды. 2006 жылдың маусым айынан 2010 жылдың қазан айына дейін аталған мекеменің директоры қызметін атқарды. 2010 жылдың 30 қазанынан Сарқан ауданының әкімі. 2011 жылдын мамыр айынан бастап Алакөл ауданының әкімі. 1988 жылы үйленді. Әйелі Жаканбаева (Досбергенова) Қарлығаш Хамзеқызы 1966 жылы 6 ақпанда Ленин ауылында Ленин ауданында Шымкент облысында дүниеге келді. Жұмыс істемейді. Қызы Жақанбаева Маржан Әлібекқызы 1988 жылы 21.12. дүниеге келді. Студент. Қызы Әскербекова Мөлдір Әлібекқызы 1992 жылы 31.03. дүниеге келді. Студент. Қызы Әскербекова Мадина Әлібекқызы 1997 жылы 02.10.дүниеге келді. Оқушы. |
|
||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||